Стационарлық модульдік полиция бекеттерінің жұмысы туралы ІІМ-де өткен брифингте толығырақ мағлұмат берген Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов соңғы екі жылда ел көлемінде 60-қа жуық модульдік бекет орнатылғанын мәлімдеді. Осы жылдың соңына дейін тағы 36 бекет орнату жоспарланса, қазіргі таңда оның 5-уі – Ақтөбе, 2-уі – Солтүстік Қазақстан және тағы 2-уі Түркістан облыстарында ашылған.
«Стационарлық полиция бекеттері құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға бағытталған патрульдік-бекеттік қызмет атқарудың негізгі нысаны болып саналады. Бекеттер санын көбейтудегі басты мақсат – халық көп жиналатын қоғамдық орындар мен криминогендік учаскелерде, сондай-ақ құқық бұзушылық жиі тіркелетін аумақтарда полиция қызметкерлерінің тұрақты болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіптің жай-күйін тікелей қадағалау және азаматтардың өтініштері бойынша шараларды жедел қабылдауды ұйымдастыру», дейді комитет өкілі.
Заманауи модульдік бекеттерде қызмет атқару мен азаматтарды қабылдау үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, бекет бейнебақылау, жарықтандыру, жылыту, желдету, су құбыры, санитариялық торабы бар кәріз жүйелерімен, өрт-күзет сигналдандыруымен, дербес компьютермен және басқа да қажетті құралдармен толықтай жабдықталған. Бұдан бөлек, бекеттерде полиция қызметкерлері болмаған жағдайда азаматтардың ІІО бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне хабарласуына арналған «шақыру домофоны» жүйесі орнатылған.
Полиция қызметкерлері бекеттерде апта бойы, тәулігіне 24 сағат қызмет атқарады. Бекетте күндіз учаскелік полиция инспекторы, кешке патрульдік полиция қызметкерлері болады. Алғашқылары халыққа ыңғайлы болу үшін құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді қабылдаса, патрульдік жасақ бекетке іргелес аумақтарда көшелер мен қоғамдық орындарды патрульдеуді ұйымдастырады.
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес ІІМ жергілікті атқарушы органдармен бірге алдағы бес жыл ішінде өңірлерде 176 модульдік бекет орнатуды жоспарға енгізген. Ал қазіргі таңда республикалық маңыздағы үш қалада 64 модульдік бекет жұмыс істеп тұр. Оның 41-і Алматы қаласында орнатылған.
С.Түсіповтің айтуынша, қылмыс статистикасы жаяу патрульдеуді біріктіретін стационарлық бекеттердің өңірлердегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейіне оң әсерін тигізгенін көрсеткен.
Модульдік полиция бекеттері – «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша іске қосылған реформалардың нақты бір көрінісі. Жыл басынан бері облыс орталықтарында бой көтеріп, тәулік бойы жұмыс істеуді бастап кеткен стационарлық бекеттер ел Президентінің Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасынан туындаған іргелі бастама болып саналады.
Астанада перинаталдық орталық салынады
Медицина • Бүгін, 13:40
Сенат Төрағасы Палатаның жылдық жұмысын қорытындылады
Сенат • Бүгін, 13:18
Үкімет басшысы Астанадағы Әзербайжан елшілігіне барды
Үкімет • Бүгін, 12:50
ШҚО-да әкімдік балалар үйінің түлегін баспанадан айырған
Оқиға • Бүгін, 12:47
Олжас Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:33
Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды
Оқиға • Бүгін, 12:18