Әлем • 29 Маусым, 2021

ДДСҰ әлемде тағы бір локдаун болуы мүмкін екенін ескертті

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович коронавирустың «дельта-плюс» штамы локдаунның тағы бір толқынын тудыруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ әлемде тағы бір локдаун болуы мүмкін екенін ескертті

«Вакцинацияға қоса маска режимі қажет, өйткені «дельтаға» вакцина жеткіліксіз. Қазір қысқа уақыт ішінде осыған күш салу керек, әйтпесе локдаун», деді Вуйнович «Соловьев Live» YouTube-арнасының эфирінде.

Оның айтуынша, вакцинация қажет. Өйткені ол вирустың таралуын және аурудың ауыр өту мүмкіндігін азайтады.

«Тек ұжымдық иммунитет пен вирустың тарауын тежеу. Бұл тіпті азайту үшін қосымша шаралар қажет болады дегенді білдіреді», деді ДДҰ өкілі.

Вуйнович «дельта-плюс» штамымен байланысты жағдай алаңдатарлық екенін айтты. Себебі, вирус тез таралады.

«Дельта» штамы көп жасушаға әсер етеді. Адам көп адамға жұқтыруы мүмкін және өте тез. Әлі шыңы болған жоқ, вирус жылдам тарап барады», деп қорытындылады ол.

Үндістанда «дельта» штамы былтыр қазанда анықталған болатын. Штамм бүкіл әлемге таралды, оның ішінде ол Қазақстанға да жетті. 20 маусымда Үндістан билігі «дельта-плюс» деп аталатын «дельта» штамының мутациясы анықталғанын хабарлады. Жаңа штамм бұрынғыға қарағанда тез таралады. Сондай-ақ ғалымдар «дельта-плюс» антиденелер жасаған қорғанысты жеңе алатынын мойындады.