«Осыған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің келісімімен 20 пайыз көрерменге рұқсат алған болатынбыз. Алайда, дәл бүгінгі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына, сондай-ақ елорданың «қызыл аймақта» болуына байланысты турнирге көрермен кіре алмайтынын хабарлаймыз», дейді Қазақ күресін қолдау және дамыту қоры.
Турнир Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.