ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаевтың айтуынша, стратегиялық сауда бақылауы тақырыбы отандық ғылыми ортада көп талқылана бермейді. Дегенмен бұл тақырыптың біз үшін маңызсыз емес екенін білдірмесе керек. Осыған орай спикер қазақстандық компаниялардың алдында тұрған бірқатар міндетті атап өтті. Оның сөзінше, дәл қазір бізге дамыған елдердің стратегиялық сауда бақылау заңнамаларына мониторинг жасап, өз заңымызды жетілдіру, ССБ-мен байланысты тәуекелдерді кәсіпорындар мен зерттеу орталықтарының тәуекел-менеджменті жүйесіне енгізу, ССБ саласындағы пәнаралық ғылыми-зерттеу қызметін қолдау аса маңызды. Ол сонымен қатар қарусыздандыру және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесіне кешенді көзқарас болмайынша, сауда бақылауын толыққанды дамыту мүмкін емес деді. Қазіргі кезде ядролық қаруға ие Үндістан, Пәкістан, КХДР сияқты елдердің ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қоймауы да процесті тежеп отыр.
Льеж университетінің еуропалық зерттеулер бөлімінің өкілі Кәмшат Сағынбекова өз сөзінде елдер үшін жаппай қырып-жою қаруын таратпау сыртқы экономикалық мүдделердің, стратегиялық тауарлар мен қосарланған мақсаттағы заттарды сату мәселелері арасындағы теңгерімді сақтау үшін маңызды дейді.
– Ел стратегиялық бақылау жүйесін енгізген және іске асырған кезде, бұның ішкі экономикалық субъектілерге тікелей әсері болады. Елдердің өздері бақылау жүйесіне түрліше көзқараста, кейбіреулері экономикалық кез келген қолайсыз салдар туралы алаңдаса, басқалары белгілі бір қағидаларды қабылдап, саяси келісімдерді ұстанады. Халықаралық қағидаларды сақтауға жұмсалатын барлық шығынға қарамастан, елдер жаһандық экономикалық қоғамдастықпен жақындасу үшін мүшелік жарна ретінде экспорттық бақылауды енгізуді қарастырады. 2020 жылы жүргізілген Тынық мұхиты форумының зерттеуі бойынша шетелдік ұйымдар ССБ жүйесі жұмыс істейтін елдерге экспорт жасағанды жөн көреді, – деп атап өтті ол.
Ал CAIDS ғылыми директоры Ғалым Махмеджановтың айтуынша, ақпараттың сәйкессіздігі сатып алушы үшін қолайсыз таңдауға, неғұрлым дамыған ел тарапынан технологиялық қолдауға зәру аз дамыған ел үшін моральдық залалға, стратегиялық бақылаудың қадағаланбауына себеп болады. Сарапшы пікірінше түрлі эконометриялық талдау әдістерін енгізу – ұлттық сауда бақылауы, экономикалық көрсеткіштер және елдегі инвестициялық климат арасындағы байланысты анықтауға көмектеседі.
Онлайн-конференция қорытындысында қатысушылар өткізілген іс-шара стратегиялық сауда бақылауы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту үшін негіз қалады және бұл бағытты бірлесіп қарқындату қажет деген ортақ тұжырымға келді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) алаңында Қазақстандағы стратегиялық сауда бақылауы (ССБ) саясатын іске асыру мәселелеріне арналған онлайн-конференция өтті. Ғалымдар, сарапшылар мен түрлі сала мамандары, сыртқы сауда операцияларын мониторингтеу және бақылау саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысқан іс-шара барысында стратегиялық тауарлардың сыртқы саудасы аясындағы, сондай-ақ жаһандық сауда шешімдері мен міндеттемелерін басқарудағы әлемдік озық тәжірибе талқыланды.
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Оқиға • Кеше
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Кеше
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматы • Кеше
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Кеше
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше