Қазақстан • 30 Маусым, 2021

«Шекарасыз жұмыс» жүйесі іске қосылады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жұмыс іздеудің біріздендірілген жүйесі – «Шекарасыз жұмыс» өнеркәсіптік пайдалануға берілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шекарасыз жұмыс» жүйесі іске қосылады

«Шекарасыз жұмыс» – бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелеріндегі бос жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын іздеушілер туралы ақпарат алуға арналған іздеу жүйесі.

«Ортақ интеграциялық жүйені бір уақытта іске қосу үшін шетелдік әріптестермен бірлесіп мүше мемлекеттердің аумағында жұмыс іздеу бойынша негізгі ақпараттық жүйелер әзірленді: «Горц» армян ақпараттық жүйесі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің ақпараттық порталы, қырғыздардың «Жұмыспен қамту» порталы, «Ресейдегі жұмыс» ақпараттық жүйесі және өзіміздің  «Еңбек» порталы», деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Жалпы жүйе ЕАЭО-ның барлық жұмыс іздеушілері мен жұмыс берушілеріне ұлттық еңбек биржаларында жиналған, верификацияланған және жарияланған бос жұмыс орындары мен түйіндемелер бойынша жұмыс орнын немесе қызметкерлерді іздеуге мүмкіндік береді.