30 Сәуір, 2010

СУРЕТКЕ ҚАУІПСІЗ ЖОЛДЫ САЛАМЫЗ

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстан облы­сының авто­жол­дарындағы жағдайды әзірге тәуір деп айту ертерек. Сондықтан да жол-көлік оқиға­ла­рының алдын алу маңызды іс болып саналады. “Қара­шы­ғанақ Петролиум Опе­рейтинг б.В.” компаниясы бір­неше жылдан бері кең ау­қымды шара өткізіп келеді. Оның мәнісі мұ­най-газ кен орнының әкім­шілік орта­лығы болып табы­­­ла­тын Ақсай қала­сын­да­ғы жол­дарды барынша қауіп­сіз ету. Міне, сол игі іске арналған кон­курстың қорытын­ды­ла­ры шы­ғарылды. Оның негізгі та­­қырыбы – қоз­ғалыс ережесін білу және сақтау. Мәселен, Ақсай қала­сындағы № 3 мектептің оқу­шысы Қансұлу Асқарова кон­курс­тан жеңіп алған жүлдені алған кезде “мен жұмысымның тақырыбын – айналаңа жіті қара” деп атадым. ҚПО сервистік директоратының қауіпсіздік техникасы жөніндегі менеджері Питер Джойстың айтуынша, тақырыптық оқыту сабақтары мектептерде тұрақты жүргізіледі және алдағы кезде де жал­ғасын табады. Биыл кон­курсқа жүзден астам жұмыс таңдап алынған еді. Егер алдын ала жүргізілген турды ескерсек, онда жолдардағы қауіпсіз жүру ережесін зерделеуге Бөрлі ауда­ны­ның мыңдаған балалары тар­тылды. Жеңімпаздардың су­реттері билбордтарға ай­налып, Батыс Қазақстан об­лы­сындағы автожолдардың жиектерінде менмұңдалайтын болады. Людмила КОРИНА. Батыс Қазақстан облысы.