«Сот қызметі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен дауларын шешуге бағытталады. Онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді 1 шілдеден бастап қайта аталатын қолданыстағы әкімшілік сот қарайды. Себебі, шілде айында азаматтар мен бизнестің әкімшілік органдармен дауларын шешу тәртібін реттейтін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс күшіне енеді. Жаңа кодекс азаматтардың құқықтарын қорғауды сапалы деңгейге көтеруге бағытталып отыр. Басты мақсат –мемлекеттік органдармен дауласу кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Бұл – еліміздің тәуелсіздік тарихында бұрын кездеспеген өте маңызды сот реформасы», дейді Б.Жұмағұлов.
Жаңа сот заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған. Сот құрамында төраға мен төрт судья бар.