Содан бері жобаға 402 кәсіпкерлік нысаны қатысқан. Ал, 61 нысан жоба аясында тестілік режимде жұмыс істейді.
«Жобаға қосылған нысандар кәсіпкерліктің барлық саласын қамтып отыр. Өңірдегі Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 68 адам «сары», 34 адам, «қызыл» статусымен анықталды. Сондай-ақ 11-28 маусым аралығында Ashyq жобасына қосылған нысандарда «қызыл» статусымен өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 17 адам анықталып, екі тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың әрқайсысына 87 510 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», деп хабарлады департамент мамандары.