«Жазғы уақытта ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер жылда енгізіледі. Осылайша, еліміздің солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады.
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды қаласы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер сағат 11:00 - 21:00 аралығында болады. Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, сағат 10:00-нан 22:00-ге дейін сақталады», делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінде.
Алайда талған шектеулердің халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына қатысы жоқ.