Экономика • 01 Шілде, 2021

Депозиттер бойынша тамыздағы сыйақы мөлшері бекітілді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың тамыз айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депозиттер бойынша тамыздағы сыйақы мөлшері бекітілді

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелердің көлемі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне тікелей тәуелді. Ал 2021 жылдың тамызына базалық мөлшерлеме 9,0% деңгейінде сақталды.

12 және 24 айлық мерзімді депозиттер нарығында қандай да бір белсенділік болмағандықтан, олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Жинақ салымдары бойынша 12 айдағы ең жоғарғы мөлшерлеменің деңгейі 13,9% дейін аздап төмендеді.