Қазақстан • 01 Шілде, 2021

Атырауда теріс ағымның 86 өкілі дәстүрлі дінге оралды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда теріс ағымның жетегінде жүрген 86 өкілі дәстүрлі дінге оралған, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда теріс ағымның 86 өкілі дәстүрлі дінге оралды

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, биылғы алты айда деструктивті діни ағымның 350 жақтасымен 1 200 рет теологиялық оңалту іс-шарасы жүргізілген.

«Терроризм және экстремизм бабымен сотталған 39 адаммен 200 рет жеке кездесу, 8 іс-шара, 2 интелектуалдық сайыс өткізілді. Сондай-ақ, теріс ағымның жетегінде жүрген 86 адам дәстүрлі дінге оралды. Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент бар. Ал, қалғаны – экстремизм бабымен жазасын өтеп шыққандар, олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар» дейді Қайролла Көшқалиев.