Қоғам • 01 Шілде, 2021

20 мың отбасыға 50 килограмдық азық-түлік себеті таратылады

932 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 шілдеден бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде кезекті «Ел тірегі – Елбасы» ауқымды акциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 мың отбасыға 50 килограмдық азық-түлік себеті таратылады

Жалпы сомасы 500 млн теңгеге 1 млн кг-нан астам қажетті өнім 20 000 отбасы арасында бөлінеді. Әр отбасыға күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер сияқты 50 кг құрайтын себеттер беріледі.

Азық-түлік себеттерін қор бұрын көмек көрсеткен отбасыларға: аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ қиын материалдық жағдайға тап болған ерекше қажеттіліктері бар балаларға беру жоспарлануда.

«Халық» қорының қайырымдылық акциясы биыл бірнеше рет өткізіледі. Біз еліміздің барлық азаматтары мен кәсіпкерлеріне үндеу тастаймыз. Бізге қосылып, «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдаңыздар. Біз бірлесіп қайырымдылықтың ауқымын ұлғайта аламыз!», дейді қордың қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева.

Қордың азық-түлік себеттерін әр отбасыларға еріктілер жеткізетін болады.