Аймақтар • 01 Шілде, 2021

Қапшағай тас жолы вандалдық жазбалардан тазартылады

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылы 4 шілдеде «Jana Dunie» ҚҚ «Қайырымды істер марафоны» жобасының аясында Қапшағай тас жолын вандалдық жазбалардан тазартуға бағытталған акция өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қапшағай тас жолы вандалдық жазбалардан тазартылады

Пандемия мен шекаралардың жабылуы ішкі туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Кейінгі бір жарым жылдың ішінде қазақстандықтардың көбі жергілікті туристік бағдарларға көбірек көңіл бөле бастады. Алайда Қазақстанның табиғи көрнекі орындары мен қасиетті жерлерінде туристер өздерінен кейін тастап кететін қоқыстар мен «жартасқа жазылған жазулардың» да саны көбейіп кетті. Осы ретте экологиялық акция қазақстандықтардың назарын осы проблемаға аудартып, табиғатқа бастапқы көркі мен бірегей сұлулығын қайтаруды көздейді.

Жобаға «Kazakh Tourism», «Amaty VitRina», фотографтар бірлестігі мен қазақстандық тиктокерлер қолдау білдірді. Мұндай акциялар Қазақстанның бірнеше аймағында, атап айтқанда Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Бурабайда өткен.