Елорда • 01 Шілде, 2021

Елорда әуежайында CIP-зал ашылды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жаңа CIP-залдың ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әуежайында CIP-зал ашылды

«Жолаушылар жайлы CIP-залда халықаралық немесе ішкі рейстерге тіркелу, ұшып келу, ұшып кетумен байланысты өзге де бірегей қызметтер ала алады.

CIP-зал өкілі жолаушыларды ұшақ трапынан күтіп алып, арнайы бөлінген көлікпен жайлы CIP-залға ертіп апарады. Жолаушылар төлқұжат және кедендік бақылаудан өтіп, әуежай қызметкері жүгін әкеп бергенге дейін CIP-залда күтіп отырады», деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

CIP-жолаушылары ұшаққа отыру және жүгін алу кезінде үнемі басымдыққа ие болады. Мұндай қызметті жеке және заңды тұлғалар қолма қол ақша төлеу немесе банк картасымен есеп айырысу арқылы алады.

CIP-залды пайдалануға ниет танытқан кез келген азамат елорда әуежайына ұшып келгенде немесе ұшып кетерде алдын ала төлем жасамай-ақ CIP-зал кассасында төлем жасауға мүмкіндігі бар.