Технология • 01 Шілде, 2021

Германиялық профессор ұшатын көлік ойлап шығарды

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Aircar деп аталатын көлік небары 3 минутта қанатын жайып ұшып кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германиялық профессор ұшатын көлік ойлап шығарды

Aircar-дың авторы - неміс профессоры Стефан Кляйн. Ол көлікті тестілеуден өткізу үшін Словакиядағы Нитра қаласынан Братислав қаласына ұшып барды. Арадағы 96 шақырым жол 35 минут уақыт алған. Жай көлік бұл жолды 1 сағатта еңсереді. 

Автордың айтуынша, аircar небары 3 минутта қанатын жайып ұшып кетеді. 2,5 шақырым биіктікке көтеріліп, 190 км/сағат жылдамдықпен ұша алады. Парашют қарастырылған. 

Стефан Кляйн Airсar-ды әлі жетілдіріп жатқанын айтады. Жаңа моделінің жылдамдығы 300 км/сағатқа жетіп, 1000 шақырымды ұшып өтуге қауқарлы болады деп жоспарланып отыр.