Қазақстан мүсін өнерінде Павел Шороховтың есімі ерекше аталады. Ол өмірінің ең шуақты да қуатты жылдарын осы бір бекзат өнерге арнап, елу жылдан бері мүсін жасаумен айналысып келеді. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде салтанат құрған «Шабыттандырған қалам» көрмесі туындыгердің 75 жылдығына арналып отыр.

Әйгілі шебердің қолтаңбасынан шыққан мүсіндік композицияларсыз жанымызға жақын қалалардың әсем әспетін елестету мүмкін емес. Ол жасаған туындылар Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарының, Балқаш пен Талғардың, Үшарал мен Арқалықтың, Жаркент пен Есіктің ең көрнекі жерлерінде сән түзеген. Көшелер мен алаңдар, саябақтар мен аллеялар, жаяу жүргіншілер мен серуендеу аймақтарын безендіргенде шебер қалалық кеңістіктің сәнін келтіріп, өзінің батыл идеяларын жүзеге асыра біледі. Ең бастысы, әрбір туындысы сол аймақтың ерекшелігіне сай бедерленген.
«Әр аймақтан, әр қаладан шабыт аламын. Сол мекенге тән дәстүрлерді дәріптей отырып, түсінікті, табиғи және толықтай заманауи бейнелер жасауға күш жігерімді жұмсаймын. Шығармашылық нысанама айналған жанды да жансыз образдарды тастан, металдан, ағаштан немесе әртүрлі материалдардың жиынтығынан жасаймын»,– дейді Павел Шорохов.
Мүсіншінің қызығушылық саласы да алуан түрлі. Шорохов шығармаларында ежелгі Икар, қазақ даласының даңқты батырлары, би мен музыканың синтезі, әйелдердің кербездігі, ана мен бала тақырыптарының шоқтығы биік. Әсіресе анималистік жанр оның жанына барынша жақын. Фауна әлемінің байлығы мен алуан түрлілігін бейнелейтін мүсіндер саны бойынша кейіпкерімізге тең келер мүсінші аз.
– Павел Шорохов ағаш, металл немесе тас болсын, кез-келген материалды бағындыра біледі. Ең ертеректегі мүсіндік композицияларына – «Балалық шақ», «Тазша бала», «Қоқиқаз» және «Ойнап жүрген балалар» секілді шығармалары жатады. «Шарықтау кезінде», «Ата-ана қамқорлығы», «Балалар шығармашылығы», «Шеру» композициялары, «Кәсіпкер», «Құюшы», «Пошташы» және «Ұлу» туындылары, «Жабайы мысық», «Бүркітші», «Қанатты барыс» секілді еңбектері жұртшылыққа жақсы таныс. Олар Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өнер ошақтары мен демалыс саябақтарына көрік беріп тұр. Шебердің шығармашылық ауқымы айтарлықтай кең. Станоктік мүсіндер мен бедерлі портреттер, мемориалды тақталар, қабір үстіндегі ескерткіштер шебердің ұзақ жылдардан бергі табанды еңбегі. Ол елге белгілі тұлғалар Иса Байзақов, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхаммед Қонаев, Тарас Шевченко, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов, Жамбыл, Абай, Пушкиндердің мүсінін кейіптеді. Қазіргі таңда мүсінші Алматыдағы теміржол вокзалы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы балет театрының орталық қасбетін безендіруді жалғастыруда. Үнемі ізденісте жүретін өнер иесінің шығармашылығына арналған көрме тың туындылармен толыққан, – дейді көрме жетекшісі Оксана Танская.
Көрмені арнайы барып тамашалаудың сәті түсті. Павел Шорохов қоршаған әлемге таңданып, ондағы ең әдемі құбылыстарды көңіліне қондырып, оларды металда, таста, ағашта кейіптеу арқылы уақытты тоқтатып қояды. Бұл мүсіндік пішіндердің әрқайсысы – ең кішісінен ірісіне дейін үздік көркемдік дәстүрлер мен шынайы шеберліктің жемісі.
АЛМАТЫ
Алматы облысында жауын салдарынан көшелерді су басты
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:47
Шымкенттегі жарылыстың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қаржы • Бүгін, 09:32
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Маймылшешек ауруы әлемнің 14 еліне тарады
Әлем • Бүгін, 09:06
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:34
Хоккей • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Басты мақсат – қоғам дертінен арылу
Экономика • Бүгін, 08:23
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы
Қазақстан • Бүгін, 08:20
Пікір • Бүгін, 08:18
Пікір • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:12
Шешілуі керек төрт түйткіл бар
Пікір • Бүгін, 08:10
Өңіраралық көшпелі кездесу өтті
Референдум-2022 • Бүгін, 08:05
Референдум-2022 • Бүгін, 08:02
Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді
Референдум-2022 • Бүгін, 08:00
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Кеше
Үкімет • Кеше
Спорт • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Кеше
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Кеше
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Кеше
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Кеше
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Кеше
Ұқсас жаңалықтар