Қоғам • 02 Шілде, 2021

Мұхтар Тілеуберді дипломатия қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломатиялық қызмет мамандарын бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Тілеуберді дипломатия қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

«Кәсіби мерекеміз – Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтудеміз. Көптеген өзге салалардың мамандарымен қатар отандық дипломаттар да егеменді мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.

Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықтың беделді әрі тең құқықты мүшесі, ядролық қарусыздану мен таратпау саласының көшбасшысы, экономикалық интеграция процестерінің жауапты қатысушысы, дінаралық және мәдениетаралық диалогтың белсенді жақтаушысы», делінген министрдің құттықтауында.