Президент • 02 Шілде, 2021

Мемлекет басшысы Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін құттықтады

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін құттықтады

«Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!», деп жазды Президент twitter-де.