Қоғам • 02 Шілде, 2021

Асқар Мамин Алматы метросының 2 станциясын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық метрополитеннің даму барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Мамин Алматы метросының 2 станциясын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды

Қазіргі таңда метрополитеннің бірінші желісінің жұмыс істеп тұрған 9 метро станциясына қосымша «Сарыарқа», «Достық» және «Қалқаман» станциялары салынып жатыр, бұл желінің жалпы ұзындығын 10,3 шақырымнан 15,9 шақырымға дейін, ал жолаушылар ағынын тәулігіне 46 мыңнан 93 мың адамға дейін арттырады.

Осы жылдың соңына дейін «Сарыарқа» және «Достық» станцияларында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап, техникалық іске қосу жоспарланған. 2022 жылдың I тоқсанының соңына дейін іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау және станцияларды пайдалануға беру көзделген.

«Қалқаман» станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Үкімет басшысы Алматы метрополитенінің бірінші желісінің II кезегін дамыту бойынша жоспарланған барлық жұмыстың уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.