Қоғам • 02 Шілде, 2021

700 мың теңге пара алып, 28 млн теңге айыппұл төледі

1236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының Апаттар медицинасы орталығының басшысына пара алғаны үшін 28 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

700 мың теңге пара алып, 28 млн теңге айыппұл төледі

«29 маусымда Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен «ҚР ТЖМ Шымкент бойынша Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының басшысы М.А. Хайруллаевке 28 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Бұған дейін ол ММ филиалына жұмысқа фельдшерді орналастырғаны үшін пара ретінде 700 мың теңге алды деген күдікке ілінген болатын.