Әлем • 02 Шілде, 2021

Канадада аптап ыстықтан ормандар өртеніп жатыр

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канадада аптап ыстық салдарынан ормандар өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz trt.net.tr сайтына сілтеме жасап.

Канадада аптап ыстықтан ормандар өртеніп жатыр

Батыс Британ Колумбиясында аптап ыстық салдарынан ормандар өртеніп жатыр.

Ең үлкен өрт Камлупс көлінің аумағында болды. Сол аумақтағы тұрғындар эвакуацияланды.

Канаданың батыс аймақтарындағы орман өртінен адамдар көз жұмуда. Соңғы 5 күнде 486 адам мерт болды. 

Канада тарихында бірінші рет 49,9 градус температура тіркелді.