Жеңімпаздардың тізімін құрау үшін тәуелсіз Тағайындау Комитеті құрылды. Оның құрамына Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Министрі Мағзұм Мырзағалиев, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Сергей Глазьев, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы Директорлар кеңесінің Төрағасы, АХҚО әкімшілігі төрағасының Бірінші Орынбасары Қайрат Әйтекенов, Қытайдың жасыл қаржы жөніндегі комитетінің Төрағасы, Пекин қаржы және тұрақтылық институтының Директоры, G20 жасыл қаржы жөніндегі зерттеу тобының Төрағасы Ма Джун, БҰҰ-ның Тұрақты қор биржасы бастамасының Төрағасы Джеймс Чжан, FС4S Басқарушы директоры Стивен Нолан және Climate Bonds Initiative негізін қалаушы және Бас директоры Шон Кидни кірді.
Green Finance Awards 2021 сыйлығын тапсыру рәсімі барысында марапаттар бес номинация бойынша келесі жеңімпаздарға берілді:
- Үздік Жасыл Банк – АКБ «Узпромстройбанк», Өзбекстан. Банк Өзбекстанның Жасыл экономика стратегиясын белсенді қолдайды. АКБ "Узпромстройбанк" жасыл жобаларды белсенді несиелеумен айналысады және 682 млрд сом баламасында жасыл несие портфелі бар, оның ішінде 620 жасыл несие берілген.
- Дамушы нарықтардағы Алғашқы Жасыл Облигация - Georgia Global Utilities, Грузия. Компания 2020 жылдың 23 шілдесінде 250 миллион долларлық жасыл облигациялардың алғашқы орналастырылуын сәтті өткізді. Облигацияларды шығарудан түскен қаражат қолданыстағы кредиттік келісімдерді қайта қаржыландыру және сумен жабдықтау және кәріз саласындағы күрделі шығындарды қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады.
- Жасыл қаржыландыру құралдарына арналған Үздік Биржалық Алаң - Қазақстан қор биржасы, Қазақстан. 2020 жылы Азия Даму Банкі KASE-де 14 млрд теңге сомасына екі жылдық жасыл облигацияларды орналастырды. KASE, БҰҰ Тұрақты қор биржалары бойынша бастамасының мүшесі болып табылады және жақын болашақта ESG-ақпаратты ашуды міндетті етуді жоспарлап отыр.
- Жасыл қаржыландыруды дамытуға қосқан зор үлес - Қазақстандағы БҰҰДБ. Қазақстандағы БҰҰДБ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және «Даму» КДҚ АҚ-мен бірлесіп, Жасыл технологияларды енгізетін шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске асыруда. Бастама аясында бүгінгі таңда 11 млрд теңгеден астам сомаға 100 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде 2,1 млрд теңге сомаға 36 жоба іске асырылды. Сондай-ақ, БҰҰДБ Қазақстанда купондық мөлшерлеме үшін субсидиялар бере отырып, 2020 жылғы тамызда Қазақстанның жасыл облигацияларының алғашқы шығарылымын қолдады.
- Жасыл Қаржы бойынша Үздік Консалтинг – «Green Investment Group» ЖШС, Қазақстан. Осы салада жасыл инвестициялар мен консультациялық қызметтер көрсетуге маманданған қазақстандық компания. Компания портфелінде сыртқы шолуларды (External Reviews), энергетикалық кешендерді дамыту стратегияларын, ESG-саясатты қоса алғанда, түрлі компаниялардың даму бағдарламаларын әзірлеу бар.
«Біздің банкті трансформациялау үдерісіндегі басым бағыттардың бірі Green Banking болып табылады. Банкте жасыл кредиттер портфелінің үлесін ұлғайтуға және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесін жолға қоюға жауапты арнайы департамент құрылды. Өз тарапымыздан біздің Банктің кредиттік практикасына жасыл қаржыландыру қағидаттарын неғұрлым кеңінен енгізу үшін бұдан да көп күш-жігер жұмсайтын боламыз», деді «Узпромстройбанк» АКБ Басқарма Төрағасының орынбасары Зафар Азимов сыйлықты табыстау рәсімінде.
Қазақстандағы БҰҰДБ Басшысы Якуп Бериш АХҚО-ға ынтымақтастық үшін алғысын білдірді, бұл Орталық Азияда жасыл облигациялар шығаруды қоса алғанда, бірқатар маңызды бастамаларға әкелді.
«Сондай-ақ БҰҰДБ Қазақстанды төмен көміртекті өсуге көшіру үшін жаңа инвестициялар тартуға және Париж келісіміне сәйкес оның халықаралық міндеттемелерін орындауға қолдау көрсетуге дайын екенін растауға рұқсат етіңіз», деп атап өтті.
«Green Investment Group» ЖШС Директоры Жанна Туенбаева: «Біз Қазақстанда және бүкіл әлемде жасыл қаржыландыруды ілгерілететін белсенді қатысушылар тобына қосылуға қуаныштымыз. Біздің команда алдағы уақытта қоғамның игілігі үшін тиімді жұмыс істеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендіргім келеді».
АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірдегі жасыл қаржыландыру саласындағы үздік жетістіктерді қадағалау бойынша жұмысты жалғастырады. Жеңімпаздардың көрсеткіштері тұрақты даму және жасыл қаржыландыру саласындағы жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестік индикаторы болады деп күтілуде.