Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері қатысқан. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеді, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласынан және 1 - Аршалы кентінен.
«Жолды полиция қызметкерлері жауып тастап, өрт сағат 19.21-де оқшауланып, сағат 19.41-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.