Оралда тұңғыш рет жабық мұз айдыны сарайында жастар мен ересектер арасында мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты мәреге жетті.
Ванкувердегі қысқы Олимпиадада ел намысын қорғаған Денис Тен мен Абзал Рахымғалиев біріншілікке келе алмаса да, халықаралық сындарда әжептәуір тәжірибе жинақтаған алматылық спорт шебері Кристина Прилепко өнер көрсетті. Ол тағы бір алматылық Әділ Жарболовпен бірге ересектер арасында чемпион атанды. Жалпы, бұл чемпионатта алматылықтар мен қарағандылықтардың мерейі үстем болды. Ересектер арасында спорт шеберлігіне үміткерлерден алматылықтар Алина Янтучина мен Темірлан Ержанов озса, 1 разряд бойынша алматылық Айза Иманбек пен қарағандылық Кирилл Вовк алда болды. Жастар арасында сондай-ақ алматылықтар Глазман Регина, Ирина Воржева, Елизавета Тебиева, қарағандылық Мэлс Хакимовтың бағы жанды. Оралдықтардан Милена Гадельшина мен Илья Скрипко қола жүлдені еншіледі.
Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.