Қоғам • 03 Шілде, 2021

Алғаш рет «Архив саласының үздігі» төсбелгісі табысталды

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен«Архив ісінің өзекті мәселелері және даму жоспарлары» атты республикалық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алғаш рет «Архив саласының үздігі» төсбелгісі табысталды

Кеңесте отандық архив саласының қазіргі жай-күйі, архив ісі және құжаттама саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, архив ісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, архивтердің материалдық-техникалық жабдықталуы, «Архив – 2025» кешенді жоспарының іске асырылуы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиямен бірлесе жұмыс жүргізудің жай-күйі және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңеске Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, Парламент Мәжілісінің депутаты А.Сарым, қоғам қайраткері С.Қасымов, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Бораш және т.б. қатысты. 

Кеңес аясында құжаттық көрме ұйымдастырылып, алғаш рет архив ісіне үлес қосқан сала ардагерлері «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.