Инвестормен іскерлік кездесуге онлайн бейне конференцияға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр қатысты. Келіссөздерге сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты.
Жоба суды электролиздеу және тұщыландыру жолымен 30 ГВт электр энергиясынан «жасыл» сутегін өндіруді көздейді. Жыл сайын жобада 2 млн тоннаға дейін өнім өндірілмек. Инвесторлардың айтуынша, зауытта өндірілетін сутектің бір бөлігін Еуропа елдеріне мен ҚХР-ға экспорттау жоспарлануда. Қалған бөлігін инвесторлар Қазақстанда түрлі салаларда шикізат ретінде пайдалану үшін «жасыл» аммиакқа өңдеуге ниетті. Шетелдік бизнесмендер жобаны шамамен 6-10 жылдың ішінде жүзеге асырмақ.