Аймақтар • 04 Шілде, 2021

Атырауда бірқатар нысандар жұмысы шектелді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауов жаңа қаулыға қол қойды. Соған байланысты бірқатар нысандардың жұмысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бірқатар нысандар жұмысы шектелді

«Сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) тек қана жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте оларда орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады» делінген қаулыда.

Ал сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, спорт кешендері, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары  (оларда орналастырылған бассейндер, сауналар, СПА, массаж, пилинг), сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, «Аshyq» жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін созылады. 

«Ashyq» жобасына қосылған нысандарды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салынып отыр.

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы 5 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.