Фото: Константин Шелков
- Бүгін, 4 шілде күні су айдындарында үш адам батып кетті. Екеуі мас күйінде суға түскен. Ақсу қаласында 1950 және 1983 жылдары туған ер адамдар, Баянауыл ауданының Торайғыр көлінде 1997 жылы туған ер адам суға кетті, - дейді Павлодар облысы ТЖ департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қайрат Бертібаев.
Барлық жағдайлар шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген.
- Сіздерден судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауды, тыйым салынған жерлерде шомылмауды, балаларға қырағы болуды сұраймыз! Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынатынын ескертеміз! – дейді Қайрат Бертібаев.