30 Сәуір, 2010

ЕРТЕҢІМІЗГЕ ҚАМҚОР ENRC

682 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Жақында осы ком­па­ния­ның отыз менед­жеріне Алматыдағы “Rіxos” қонақ үйінде М.В.Ло­мо­но­сов атындағы Мәскеу мем­ле­кеттік университетінің Жоғары бизнес мектебінің дипломдары салта­натты жағдайда табыс етілді. Бұлар –  “Master of Bu­sі­ness Admіnіstratіon” бағдарла­ма­сы бойынша ресейлік мамандар даярлаған басқармашылардың Қазақстандағы екінші түлектері. Бағдарламаның өзі ENRC кәсіп­орындары үшін арнайы ойласты­ры­лып жасалған, яғни ENRC бас­қармашыларын оқытудың орта­лықтандырылған корпоративтік бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол 2006 жыл­дан бері іске асырылып келеді. Қазақ­станда соңғы бес жылда жү­зеге асқан “Үздік HR жоба” конкур­сында бас жүлдені жеңіп алған. Екіжылдық сырттай оқы­та­тын модульдік жүйе осызаман­дық,  кең сұранысқа ие әдістерге негіз­дел­ген. Бұлардың ішінде дәстүрге ен­ген жаттығуларды, гарвардтық кейс-тәсілді, іскерлік ойындарын, топтық жобаларды атап өтуге бо­лады. Бұл студент­тер­ге оқу үдерісі кезінде-ақ өн­ді­ріс пен басқарудың іс жүзіндегі міндеттерін шешуге кірісуіне сирек мүмкіндік береді. Әрбір модуль екі аптаға созылып отыр­ды. Айтар­лықтай дербес түр­де, тиімді түзілген пәндер жиын­тығы студенттер бойында осы­ за­ман­дық менеджмент туралы жүйе­лі де ауқымды түсінік қалып­тас­тырды. Әрбір модульді аяқтаған сайын студенттер биз­нестегі нақты қадамдарға бай­ла­нысты үй тап­сыр­малары мен жобаларды алып тұрды. Бағдарламаға түсу үшін сту­денттер өз кәсіпорындарында қатаң сүзгіден өтіп, сонымен бірге Мәскеу мемлекеттік уни­вер­ситетінің Жо­ғары бизнес мек­тебінде де қабылдау сынақтарын тапсырды. Модульдер кезінде топтарда жұмыс істеуді, пікір­та­ластар мен тұсаукесерлерге бел­сенді қатысуды, мол көлемді үй тап­сырмаларын орындауды қа­рас­тыратын оқыту бағдарламасы оған қатысушылардан үлкен күш-жігерді, табандылықты та­лап етті. Осы тұрғыдан келгенде ММУ Жоғары бизнес мектебінің сирек әдістемесі ізгі мақсатты көздейді. Ол адамның дарынын даралап аша­ды, оның ойлау жүйесі мен мінез-құлқын, тіпті бойдағы қадір-қасиетін не­ғұрлым жақсы жаққа қарай бе­йім­дейді. Мұнда пробле­ма­ны іздеп табуға, сөйтіп жақсы кәсіпкердің сол проб­леманы сәт­ті­лікке айнал­ды­руы­на баулиды. Әл­бетте, мұнда МВА бағыты не­гіз­ге алынған. Әйт­кенмен, таңдал­ған пәндер ком­панияның қажетіне қарай ірік­телген. Сол себептен де өн­дірістік ме­неджмент, өзгеріс­тер­ді басқару, жо­баларды игеру, жеке тұлғаның дамуы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Біздің еліміз алуан бағыттар бойынша жедел дамып келеді. Оның басты байлығы – адам­дар. ENRC-тің адам капиталын да­мы­туға ба­сым­дық беруі компа­ния­ның рес­пуб­лика басшылы­ғы­ның сара ба­ғытын қолдап отыр­ғандығын ай­ғақ­тайды. Осы орайда ENRC PLC бас атқа­ру­шы директоры Феликс Вулис мына жайларды ерекше атап көрсетті: – Кадрларды оқыту және кәсіби тұрғыдан даярлау ENRC-тің басым міндеттерінің бірінен саналады. Біз өз менеджер­ле­рі­міздің компания үшін өзекті та­қырыптар бойынша диплом жұ­мыс­тарын қорғауда жақсы нәти­желерге жеткендігін мақтан тұта­мыз. Осынау бағдарлама арқылы ENRC оларға кәсіптік және тұл­ғалық өсу мүм­кіндіктерін ұсы­на­­ды, сөйтіп со­ның жемісін те­ріп, компанияның басқару капита­лын ұлғайтады. Бизнестің тұрақ­ты бәсекелестік ар­тықшылық­та­рын тек жаңа білім мен бас­қа­ру­дағы батыл шешімдер ғана қам­тамасыз етпек. Ал оларды сапалы дайын­дықтан өткен, бі­лім-білігі жоғары басқару қызме­тіндегі майтал­мандар жүзеге асы­рады. Бүгінде Қазақстан әлем­дік эко­номиканың бір бөлігіне айналды. Жаһандану бизнес са­пасын жай жақсартуды ғана емес, соған қоса ком­панияларды бас­қаруға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуді талап етуде. Бизнес жаңа жағ­дай­да қалай жұмыс істеуді білетін, жұ­мыс істей алатын бесаспап ма­мандарды күтеді. МВА бағдарла­масының бүгінгі тү­лек­тері ке­ле­шекте компания тіз­гі­нін өз қол­дар­ына алып, ұжымды жаңа көк­жиектерге бастайды деп сенеміз. Біздің жаңа түлектерімізге шы­ғар­ма­шылық табыстар тілеймін. Олардың жолдарына гүл бітіп, білімдерін іс жүзінде қолданатын болсын. Ертеңімізге қамқор ENRC бас­шысының осы ақжолтай тіле­гіне біз де қосыламыз. Іске сәт, жас мамандар! Қорғанбек АМАНЖОЛ.