Оқиға • 05 Шілде, 2021

Қарағанды облысында жүздеген мал өлігі мен ер адамның мәйіті табылды

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында дала өрті салдарынан жүздеген мал қырылып қалды. Бұл тұрғындардың жалғыз табыс көзі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында жүздеген мал өлігі мен ер адамның мәйіті табылды

Оқиға орнында түсірілген видео және суреттер әлеуметтік желілерде жарияланады. Etozhez-паблигінің ақпараты бойынша, Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында ғана 300 жануар өлгені анықталды.

«Зардап шеккен ауылдар: Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және басқалар. Ауыл тұрғындары бұл жағдайға назар аударылып, мәселені шешу жолдары қаралғанын қалайды», деп жазылған пабликтегі жазба сипаттамасында.

Қарағанды облысының ТЖД-сы жағдайға түсінік берді. Ведомство мәліметі бойынша, 4 шілдеде Қарағанды облысы аумағында 12 табиғи өрт ошағы бақылауға алынған. Оның ішінде Ұлытау ауданының аумағында екі өрт ошағы және алдын ала жалпы ауданы 263 гектар болатын 10 өрт шыққан орын анықталған.

Жексенбі күні кешке Ұлытау ауданындағы екі ауылдық округі аумағын бақылау аралау кезінде жергілікті тұрғындар Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде өртенген УАЗ автокөлігін тапты, оның жанында 1998 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Қаза тапқан адам ерікті өрт құрамы қатарында болмаған және өрт сөндіруге тартылмаған. Ер адамның қайтыс болуы себебін Ұлытау ауданының ПБ қызметкерлері анықтайды.

Жангелдин ауылдық округінің «Әбдібеков» ШҚ аумағынан өртеніп кеткен 200 бас ұсақ мал және 10 бас ірі қара табылды.

Табиғи өртті жоюға барлығы 298 адам және 77 техника, оның ішінде өртке қарсы ерікті құрама жұмылған.

Жергілікті атқарушы орган Жангелдин, Ақтасты және Амангелді ауылдық округтері аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.