Қазір Ресейде (Шымкент өңірінде дүниеге келген) тұратын режиссер әртістерге шеберлігін бөлісіп, кино түсірудегі «дворцевойлық» ұстанымдарын айтты. Мәселен, ол кинокартинадағы әр мезгілді, әр кезеңді күтеді. Қар керек болса, қысты күтеді. Сондай-ақ актерлердің дайын болған уақытында ғана киноға кіріседі. Осы талаптар үшін де «Айка» фильмін алты жыл түсірген болар...
Дворцевой актерлерге сценарийді толығымен бермейді. Актрисаның өз ішінен туындайтын сәттер – киноның шынайы болуына әсер етеді. Кейде, тіпті соңында сценарий де өзгеріп кетуі мүмкін.
Театр актрисасы Гүлдана Әбдісадықова лекциядан алған әсерін бөлісіп, Дворцевойдың артықшылықтарын атап өтті. «Басқа режиссерлермен салыстырғанда кезең бойынша түсіретіні ұнады. Өйткені бұл дегеніңіз, ең алдымен жүйелілік. Уақытын сондықтан да ұзақ алған. Мәселен, «Театрда қаншама образдар, рөлдерді жасай алуыңа мүмкіндігің бар. Гриммен, киіммен келтіре аласың. Ал кинода ондай емес. Кинода саған келетін рөлдер болады. Кейде келмейтіндері де болады. Ол адамның мотивациясын, жандүниесін көруге болады. Ол камера алдында детальды жұмыстармен жұмыс істейді. Мысалы, камера алдында көзіңді жұмып қалғаның, қолыңмен көзіңді, бетіңді ұстағандардың барлығы бір мағына береді. Ал театрда көзіңді жұмған сәттер көрінбей қалуы мүмкін, өйткені оның кеңістігі үлкен. Ал кәсіби актерлер қайда болса да ойнай алады. Актер театрда көрерменмен энергия алмасады һәм олардан қабылдайды, ал кинода тікелей көрермендерің болмаған соң ондай энергияны өзің жасап, өзіңмен өзің өмір сүресің», дейді Дворцевой», деп режиссер әртістердің өнерін де тамашалағанын айтты.