Ел және Елбасы • 06 Шілде, 2021

Қырғызстан президенті: Қазақ-қырғыз қатынастарын дамытуда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан президенті: Қазақ-қырғыз қатынастарын дамытуда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше

Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Садыр Жапаров қазіргі қазақ-қырғыз қатынастарын, сондай-ақ екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз елінің көшбасшысына ізгі тілектері үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас екі ел арасындағы тарихи тығыз байланыстардың одан әрі кеңейіп, тереңдей түсетініне сенім білдірді.