Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 6 шілдеде «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін жергілікті 2 640 жергілікті тұрғын алған.
«Вакцина салдырғандардың арасында 75 дәрігер, 185 педагог, 77 студент, 35 мемлекеттік қызметші, созылмалы ауруы бар 178 адам мен жергілікті 2 078 тұрғын бар. Сондай-ақ, арнайы мекемелердің 8, құқық қорғау органдарының 3 қызметкері вакцина ектірді», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Жаппай вакциналау басталғаннан бері, яғни 1 ақпан-6 шілде аралығында қауіпті вирусқа қарсы вакциналардың I компонентін 100 919 адам салдырған. Вакциналардың II компонентін алғандар саны 54 495 адамға жеткен.