Оқиға • 07 Шілде, 2021

Алматыда көп қабатты тұрғын үй өртенді

1963 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт «Бұқар жырау тауэрс» тұрғын үй кешенінен шыққан. Элиталы тұрғын үй кешеніндегі адамдар түгел қауіпсіз жерге шығарылған. ТЖД ақпаратынша 13 қабаттағы пәтер жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда көп қабатты тұрғын үй өртенді

«7 шілдеде өрт сөндірушілер Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесі, 27/5-ге мекен-жайына шақыртуға шықты. Сағат 12:43-те келген бойда биік қабатты тұрғын үйдің 13-қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқанын көріп, өртті сөндіруге кірісті. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді, өрт ошағына өрт оқпандары беріліп, өрт автосаты орналастырылды», делінген Алматы қалалық ТЖД шұғыл таратқан ақпаратында.

Эвакуация жолында адамдарды құтқару кезiнде таза ауа жiберу үшiн АД-120 түтiн жоюшы автокөлiгi де жеткізілген.

Өрт 13:45 те толығымен жойылды. Өрт шыққан үйден 45 адам құтқарылған. Олардың 15-і бала. Құтқару жұмыстары кезінде 90 метрлік өрт автокөтергіші, 37 метрлік өрт автосатысы қолданылды.