«3-6 шілде аралығында 31 табиғи өрт болды. 25 өрт ТЖМ, орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау, жергілікті атқарушы органдар мен өртке қарсы ерікті құралымдардың, шаруа қожалықтарының күштерімен және құралдарымен жойылды. Өрттердің ауданы 5642 гектарды құрады. Оттың шығуы Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген», деп хабарлдады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты. Қарағанды облысында 210 бас ірі және ұсақ мал қырылды. Сондай-ақ, 18 446 гектар алаңда дала алқаптарының 56 жану фактілері орын алды. Қазіргі уақытта ТЖМ бақылауына алты табиғи өрт пен бес жану оқиғалары алынған. Елді мекендерге төнетін қауіп жоқ.
Ақмола облысы - Бурабай ауданында екі жағдай («Бурабай» МҰТП аумағында, Мирное және Ұрымқай орманшылығында). Өрт алаңдары орнатылып, өрт сөндіру жалғасуда. Жоюға ТЖД 18 адам және 4 техника бірлігі (6 қызметкер және 1 техника бірлігі), Орман шаруашылығы (12 қызметкер және 3 техника бірлігі) жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан облысы - Ұлан ауданының Асубұлақ ОШ аумағындағы бір оқиға. Өрттің алдын ала көлемі 2,6 гектарды құрайды. Өрт сөндіру жалғасуда. Жоюға ТЖД-нің 28 адамы мен 2 техникасы (7 қызметкер және 2 техника), Лесхоз (16 қызметкер), Қазавиаорманқорғау (5 қызметкер) жұмылдырылды.
Қарағанды облысы - Ұлытау ауданында үш жағдай (Жангелді және Ақтасты ауылдық округтерінің аумағында, алдын ала ауданы - 4 мың гектар, Шенбер ауылдық округінің аумағында екі учаскеде, алдын ала ауданы - 950 және 550 гектар), сөндіру жалғасуда. Жоюға ТЖД-нің 522 адамы мен 68 техникасы (119 қызметкер мен 21 техника бірлігі), ТЖМ-нің 52589 әскери бөлімі (154 ә/б және 8 техника бірлігі), ЖАО, ЕӨСҚ (249 қызметкер және 39 техника бірлігі) жұмылдырылды. Аумақты айналып ұшу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған.
Қостанай облысы - 5 жағдай: біреуі Жангелдин ауданында («Алтын дала» табиғи резерватының аумағында, 5 шілде 15:20-да, ауданы - 190 гектар), біреуі Амангелді ауданында (6 шілде 01:45-те, ауданы-430 га), екеуі Наурызым ауданында (мемлекеттік табиғи қорық аумағында, алдын ала алаңы - 600 гектар, Шолақсай ауылынан 6 км-де - 08:30-да, ауданы-500 гектар), біреуі Наурызым ауданында (мемлекеттік табиғи қорық аумағында, Қарабалық ауданы (Михайловка аумағында - 6 шілде күні сағат 20:55-те оқшауланды, ауданы - 150 гектар). Өрт сөндіру жалғасуда. Жоюға ТЖД 176 адам және 39 бірлік техникасы (26 қызметкер және 6 бірлік техника), Лесхоз (49 қызметкер және 21 бірлік техника), ЖАО, ЕӨСҚ, шаруа қожалықтары (101 қызметкер және 12 бірлік техника) жұмылдырылды.