Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Мәжіліс депутаттары экологиялық жобалармен танысты

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов пен Серік Ерубаев Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық жобаларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаттары экологиялық жобалармен танысты

Зауыттың бас директоры Шухрат Данбайдың мәліметінше, маусым айында жоспарға сәйкес, 467 мың тонна мұнай өңделген. Ал шілдеде мұнай өңдеу көлемін 485 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қазір зауытта тәулігіне 4 600 тонна бензин, 5 200 тонна дизель отыны өндіріледі.

Мәжіліс депутаттары зауыттағы TAZALYQ жобасы аясындағы жаңа механикалық тазарту нысанының құрылыс алаңына барды. Биыл мұнда төрт технологиялық блоктың екеуін аяқтау көзделіп отыр. Құрылыстың қалған бөлігі келесі жылы аяқталады.

Сондай-ақ, мұнда булану алаңын рекультивациялау іске асырылып жатыр. Кәсіпорын аумағында қағазға, шыныға және пластикке арналған бірнеше түрлі-түсті контейнер орнатылған.

«Кәсіпорын ауқымды экологиялық мәселелерді оң шешуді қолға алды. Қоқысты сұрыптаудың жаңа жобасын бастады. Мұның бәрі қоршаған ортаның тазалығына септігін тигізеді», дейді Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.