Ауа райы • 08 Шілде, 2021

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр күтіледі, батыста, солтүстік-батыста – қатты жаңбыр жауады. Еліміздің тек солтүстігінде ғана жоғары қысымды алқаптың әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде шаңды дауылмен жел соғады, батысында, солтүстік-батысында және шығысында – бұршақ күтіледі.

Ақмола облысында бұршақ жауады, жел 15-25 м/с шаңды дауылмен соғады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да бұршақ, дауыл күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күшейеді.

Түркістан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қостанай облысында жел, бұршақ, дауыл болады деп болжануда.

Жамбыл, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде,

Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.