30 Сәуір, 2010

АҚМОЛАЛЫҚТАР АҚ ТІЛЕГІН ЖОЛДАЙДЫ

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” халықтық-демо­кра­тиялық партиясы Ақмола об­лыс­тық филиалының ұйытқы болуымен Ал­ма­ты облысындағы Қызылағаш ауы­лы және Шығыс Қазақстан облы­сын­дағы су тас­қынынан зар­дап шек­кен тұрғын­дарға материал­дық көмек көр­сету шаралары одан әрі жалғасын табуда. Филиал төрағасының орынба­са­ры Дулат Жұрымбаевтың бізге бер­ген мәліметінде қызылағаштық бауыр­ларға бір вагон киім-кешек пен азық-түлік жөнелтілгені айты­лады. Сондай-ақ, жаңа ауыл құры­лы­сына материалдар мен техникалар жө­нел­тілген. Оның ішінде Бурабай­дағы зауыттан құны 1 миллион теңгелік 20 бу қазандығының жет­кізілуі тіршілік сәнін түзете түспек. Дулат Кәкімбекұлы, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысына азық-түлік, жылы киім, төсек-орын тиел­ген алғашқы вагонның жолға шық­қанын хабарлады. Бұл тауар­ларды жи­науға өзгелермен бірге Бурабай ау­данындағы “Богви” және “СП Агросервис” жауапкершілігі шек­теулі серіктестіктері, жаңадан құрыл­ған “Арлан” хоккей клубы сүбелі үлес қос­ты. Игілікті істен ешкім де шет қал­­мауда. Мәселен, Көкшетау қала­сы­ның 82 жастағы тұрғыны Надежда Бо­рисова өз қолымен тоқыған жылы киімдерді, азын-аулақ азық-түлігі мен жеміс қайнатпаларын алып кел­ген­дегі толғанысты сөзбен жеткізу қиын. Бақберген АМАЛБЕК,  Ақмола облысы.