Видео • 08 Шілде, 2021

Гаити Президентіне қастандық жасалған жерде түсірілген видео жарияланды

934 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Интернетте Гаити Президенті Джовенел Моис пен оның әйеліне қастандық жасалған жерде түсірілген видео жарияланды, деп жазады Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Гаити Президентіне қастандық жасалған жерде түсірілген видео жарияланды

Кадрда автомат ұстаған ер адамдар блоктың айналасында жүргені байқалады. Оларға жақын жерде адам денесі жатыр. 

Бұған дейін БАҚ премьер-министрдің міндетін атқарушы Клод Джозефке сілтеме жасап, түнде белгісіз біреулер Моизенің резиденциясына шабуыл жасағанын хабарлаған еді.

Салдарынан мемлекет басшысы мен оның әйелі Мартин Моис қаза тапқан.

Шабуыл жасағандардың кейбіреулері испанша сөйлегені анықталған.

Оқиғаға байланысты ел астанасы Порт-о-Пренстегі халықаралық әуежай жабылып, келген ұшақтар кері қайтарылды.  

Айта кетейік, Моис Гаитиді 2017 жылдан бері басқарып келген. Бұл оның өміріне жасалған алғашқы қастандық емес. Ақпан айында мемлекеттік төңкеріс жасап, республика басшысын өлтірмек болғандардың әрекетін полиция тоқтатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар