Экономика • 08 Шілде, 2021

Доллар тағы қымбаттады

1364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар тағы қымбаттады

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 7 шілде кешімен салыстырғанда 1, 37 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 429, 23 теңге болды.

Ұлттық банктің 8 шілде күнгі ресми бағамы: 1 доллар – 427, 85 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 428,30 теңгеден сатылса, сатып алу - 429,81 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 428,05 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 429,21 теңге.