Қоғам • 08 Шілде, 2021

Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау полицейлері мемлекетаралық іздеу жарияланған 45 жастағы ресейлікті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазір «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Көші-қон полициясының қызметкерлері аталған іс-шара аясында бірнеше деректі анықтады.

«Биылғы мамыр айында Ресей Федерациясының азаматына сол елдің Қылмыстық Кодексінің 157-бабының 1-бөлігімен (Ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды ұстауға қаражат төлеуден қасақана жалтаруы) мемлекетаралық іздеу жарияланған. Қазір ұсталған ер адам шекара қызметіне тапсырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жедел іс-шара кезінде полицейлер құрылыс нысандарына тексеру жүргізді. Атырау қаласындағы «Береке» шағын ауданында Өзбекстан Республикасының 52 азаматы құжатсыз еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып жүргені белгілі болды. Шетелдік азаматтар Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар