Футбол • 08 Шілде, 2021

Серхио Рамос «ПСЖ» футболшысы атанды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испан футболшысы париждік клубпен екі жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Серхио Рамос «ПСЖ» футболшысы атанды

Қорғаушы Серхио Рамос ПСЖ-ға еркін агент ретінде қосылды. 35 жастағы испандықпен келісім 2023 жылға дейін есептелген.

Еске салайық, Рамос «Реал» жейдесінде 16 жыл ойын өткізді. Бірақ клуб пен футболшы келісімшартты әрі қарай жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, өткен маусымда Рамос Ла Лигадағы 15 ойында 2 гол соқты.