Түз тағысының шулы шаһарға қалай тап болғаны белгісіз. Құтқарушылар жануарды құрсаудан абайлап шығарып, жарақат алған жерлерін емдеп, таңып тастады. Бір қуаныштысы, еліктің жарақаты жеңіл екен. Одан кейін құтқарушылар сұлу жануарды қаладан 20 шақырымдай ұзатып алып шығып, Трекин кенті маңындағы орман алқабына босатып қоя берген.
«Елікті құтқару операциясы бас-аяғы 1 сағат 20 минутқа созылды», деп хабарлайды төтеншеліктердің баспасөз қызметі.
Бұл істі 4 құтқарушы мен 1 техника атқарған.