Білім • 09 Шілде, 2021

Қазақстанда қаржылық сауаттылық бойынша тегін лагерь ашылды

468 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Лагердің мақсаты – жасы10-13 аралығындағы балаларға өскенде кім болғысы келетінін анықтауға көмектесу, сондай-ақ қаржылық табысқа қол жеткізу жолдары туралы қарапайым тілде әңгімелеу. Бірінші ағымның қатысушылары үшін сабақтар 12 шілдеде басталады. Бұл туралы Freedom Finance Insurance қоғаммен байланыс қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қаржылық сауаттылық бойынша тегін лагерь ашылды

Лагердің ұйымдастырушысы - Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы. Алғашқы лагерь 2019 жылдың шілдесінде іске қосылған. Жобаны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттігі қолдаған. Сол уақыт ішінде, лагерьге 200 астам балалар қатысты.  

Freedom Finance Camp - қаржылық сауаттылық бойынша интерактивті оқу сабақтарының курсы.  Сабақта мамандар әртүрлі ойын түрінде балаларға ақшаны қалай ақылмен табу, жинақтау және жұмсауды үйретеді. Одан басқа, балалар қор нарығы, сақтандыру, депозиттер және жылжымайтын мүлік туралы біле алады. Курс аяғында, қатысушылар өз жобасын ұсынады, болашақта кім болғысы келеді және мақсатына қалай жету туралы әңгімелейді.

«Біздің лагерь – тегін және лагерьге қатысу ниеті барлардың саны жылдан-жылға өсуде. Алайда, орындар шектеулі. Былтыр, карантин кезінде лагерь қашықтан жұмыс істегенде, біз тек 100 балаға сабақ бере алдық. Бұл жолы шеңберін кеңейтуді шештік, қатысушылар орнын көбейттік, сабақты онлайн және оффлайн режимінде жүргізу жағдайын ұйымдастырдық. Қауіпсіздік ережелері сақталған және оқу жайлы шығармашылық атмосферада жүргізіледі», деп мәлімдеді Freedom Finance Life Басқарма Төрағасы  Азамат Ердесов.  

Сабақтар 2 сағат онлайн және оффлайн форматта, қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Топта бір мезгілде 20 адам оқиды.

Лагерь 30 тамызға дейін жұмыс істейді.