Кеншілер астанасында көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтан Досмағамбетовтің мүсіні орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай көшесіндегі саябақта орын тепкен мүсіннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қайраткер тұлғаның өңірдің және қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Аталған іс-шарада Сұлтан Досмағамбетовтің замандастары естеліктерімен бөлісіп, көрнекті ғалым және қоғам қайраткері жайында жылы лебіздерін білдірісті.
– Ғалымның ұлы әке алдындағы парызын орындап, ғибратты тағзым көрсетті деп есептеймін. Бұл монументалды жоба. Қалаға тартылған керемет сыйлық. Сұлтан Қапарұлының арамыздан кеткеніне бес жылдан астам уақыт өтті, бірақ ол соңынан үлкен мұра қалдырды, – деді отбасының досы Күләш Түсіпбекова.
Сұлтан Қапарұлының ұлы Ерлан Досмағамбетов әкесінің Қарағанды қаласының ғана емес, жалпы еліміздің дамуы үшін де көп күш жұмсағанын атап өтті.
– Біз өткен ғасырда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қалыптастырғандарға құрмет көрсеттік. Менің әкеме ескерткіш орнатуға және оның ашылуына қатысушылардың барлығына алғыс айтқым келеді. Бүгінгі алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, – деді ол тебіреніп.
Тұғырымен қоса есептегенде биіктігі төрт метрге жететін бюст Ресейдің жетекші мүсіншілерінің бірі Александр Ткачуктің қолынан шыққан. Қоладан құйылған мүсін Досмағамбетовтер әулетінің жеке қаражатына жасалған екен.
Еске салсақ, Сұлтан Досмағамбетов ұзақ жылдар бойы партиялық және мемлекеттік органдарда еңбек еткен. Мемлекеттік басқаруды құруға және дамытуға елеулі үлес қосты.
Сонымен қатар, ол білім беру жүйесінде де жемісті еңбек етті: тау-кен институты (қазіргі мемлекеттік техникалық университет) кафедрасының меңгерушісі болды, педагогикалық институттың ректоры қызметін атқарды.
Сұлтан Досмағамбетовтің ұзақ жылғы адал еңбегі лайықты бағаланып, ол «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаттарымен» марапатталған.
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді
Спорт • Бүгін, 09:08
«Сағадат саябағына» қойылған гүл шоқтары
Қазақстан • Бүгін, 08:59
Балғындарға арналған көркемсөз байқауы
Аймақтар • Бүгін, 08:57
«Джиро д’Италия» мәресіне таяп қалды
Спорт • Бүгін, 08:51
Футбол • Бүгін, 08:49
Теннис • Бүгін, 08:47
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Мектеп бітіргендерге сертификат берілді
Қоғам • Бүгін, 08:40
Қазақстан • Бүгін, 08:38
Мал шаруашылығындағы маңызды қадам
Экономика • Бүгін, 08:35
Орталық Еуропаны алаңдатқан көлік мәселесі
Әлем • Бүгін, 08:28
Еліміздің табысы – әрбір жастың еншісінде
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Референдум-2022 • Бүгін, 08:20
Референдум-2022 • Бүгін, 08:18
247 сайлау учаскесі жұмысын бастайды
Референдум-2022 • Бүгін, 08:14
Азаматтық ұстанымның айқын көрінісі
Референдум-2022 • Бүгін, 08:08
Жұртшылықты ақпараттандыруға баса мән беру керек
Референдум-2022 • Бүгін, 08:03
Халықтың табысын арттыру – стратегиялық міндет
Үкімет • Бүгін, 08:00
Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады
Білім • Кеше
АҚШ: Қару қолдануда саясат жоқ
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды
Экономика • Кеше
Адам капиталы – басты құндылық
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Руханият • Кеше
Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет
Білім • Кеше
Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды
Спорт • Кеше
Дүлдүлдің шабысындай «Дүние шіркін...»
Қазақстан • Кеше
«Қызыл қырғын болады, бай байғұсқа айналады»
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Диқандардың техникасы сақадай сай
Аймақтар • Кеше
Жеңілдетілген несиеге – жаңа көлік
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды
Аймақтар • Кеше
Сенатта Арменияға мұнай жеткізу қағидалары талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар