Аймақтар • 10 Шілде, 2021

Батыс Қазақстанда бес жасар қызды ит талап өлтірді

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында ит бес жасар қызды қауып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда бес жасар қызды ит талап өлтірді

Оқиға Бәйтерек ауданы Трекин ауылында 9 шілде күні кешке қарай болды.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бес жасар қыз Ресейден отбасымен осында тұратын атасына қыдырып келген. Атасымен бірге далаға шөп шабуға барған кезде итке таланып қалған. Ит атасынікі екен.

Ауыл әкімі Мәлік Сейтов қайғылы оқиғаның орын алғанын растады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қыз оқиға орнында көз жұмды. Оның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.