Аймақтар • 10 Шілде, 2021

Атырауда Нидерландының құрметті консулдығы ашылуы мүмкін

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесуде  Нидерланды корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андре Карстенс мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Нидерландының құрметті консулдығы ашылуы мүмкін

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, Атырау облысымен сыртқы экономикалық байланыс орнатқан елдердің қатарында Нидерланды корольдігі де бар.

«Биылғы қаңтар-мамыр айларында Атырау облысының Нидерланды елімен сауда айналымы 1,28 млрд АҚШ долларын құрады. Аталған елдің 12 компаниясы өңірде мұнай-газ өндіруді техникалық қолдау, инженерлік құрылғылар құрылысы, құбыр арқылы тасымалдау, жүк тасымалы секілді салаларда белсенді қызмет етуде. Өңір экономикасына нидерландылық инвестицияны тартуға, бірлескен кәсіпорындар құруға мүмкіндік мол. Әсіресе, өнеркәсіп, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы салаларында екіжақты қарым-қатынасты қарқындыдамытуға болады», деді Махамбет Досмұхамбетов.

Нидерланды корольдігінің Төтенше және Өкілетті елші Андре Карстенс Атырау қаласында құрметті консулдық ашу туралы ұсыныс білдірді. Бұл ұсыныс облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тарапынан қолдау тапты.