Аймақтар • 11 Шілде, 2021

Атырауда бір күнде 256 адам коронавирусқа шалдықты

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы үш күнде қауіпті вирусты 570 атыраулық жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бір күнде 256 адам коронавирусқа шалдықты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 8 шілдеде 154, 9 шілдеде 160, ал кеше, 10 шілдеде 256 адам коронавиус инфекциясына шалдыққан.

«Соңғы тәулікте – 10 шілдеде Атырау қаласында қауіпті вирусты жұқтырудың 201 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында 12, Қызылқоға ауданында 13, Индерде – 12, Жылыойда – 8, Махамбетте – 6, Құрманғазы ауданында 4 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылып отыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 771 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада 186, аудандардағы стационарларда 180, №2 облыстық ауруханада 148, кардиологиялық орталықта 100 пациент бар.

Сондай-ақ, фтизиопульманологиялық орталықта 96, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 61 науқас оқшауланған. Ал, үй жағдайында 708 адам ем алуды жалғастыруда.