Оған 73 үміткер ұсынылып отыр. Оның ішінде 39 үміткерді (53,4%) саяси партиялар ұсыныпты. Сондай-ақ, өзін-өзі ұсынған 34 үміткер (46,6%) округ әкімінің лауазымына сайлану үшін саяси додада бақ сынамақ.
«Мәселен, NurОtan партиясы 15, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ Жол» ҚДП – 3, «АDAL» партиясы – 6, Қазақстан халық партиясы – 7 кандидат, ЖСДП 3 үміткер ұсынды. Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады. 10 шілдеде 54 үміткер тіркелді. Бұл үміткерлердің – 74 пайызы», деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан.