Өңірде 1 ақпан-10 шілде аралығында 113 798 адам вакциналардың I компонентін салдырған. Ал II компонентті алғандар саны 60 410 адамға жеткен.
«Кеше, 10 шілдеде «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax»вакциналарының I компонентін 2 556 атыраулық салдырды.Вакцина алғандардың арасында 124 педагог, 57 дәрігер, 56 студент, 23 мемлекеттік қызметші, арнайы мекемелердің 9 өкілі болған. Сондай-ақ, қауіпті вирусқа қарсы вакциналарды 1 полицей, құқық қорғау органдарының 1 қызметкері, 361 созылмалы ауруы бар 361 пациент пен жергілікті 1 924 тұрғын алды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.